Ирак премьер-министріне жасалған шабуыл лаңкестік деп танылды  

Ирактың премьер-министріне жасалған шабуыл лаңкестік әрекет болды. Елдің ішкі істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Бұған дейін үкімет басшысының резиденциясына шабуыл жасалған еді. Әлдекімдер ғимаратты ұшқышсыз басқарылатын 3 аппаратың көмегімен атқылаған. Қауіпсіздік күштері, солардың екеуін атып түсірген.

Қастандық салдарынан премьер-министр жапа шеккен жоқ. Бірақ күзет қызметінен 10 адам жарақат алды.

Қазір оқиға болған Бағдаттың «жасыл аймағында» қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ал лаңкестік әрекетті, кімнің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ...