Қытайдан қауіп бар ма?

Қытай тарапы осы елдің әскери күші және ядролық арсеналы туралы Америка Пентагоны әзірлеген есебін «Қытай қаупі» теориясын негіздеу мақсатында ұсынылған деп бағалады. Сыртқы істер министрілігі ресми өкілінің айтуынша, баяндама «фактілерді мүлде елемейді» және «жалған нанымдарға толы». Сонымен қатар ол есепті «америкалық жұртшылықты алдауға бағытталған саяси құлықтар» деп айыптады. Ал «шын мәнінде бүкіл әлем үшін қауіптің ең үлкен көзі – АҚШ-тың өзі».

Бұл жетіде АҚШ Қарулы күштері басшылығы Конгресстің қарауына ҚХР-дың әскери күштері туралы есепті жіберді. Құжатқа сәйкес, 2030 жылға қарай Қытай өз ядролық әлеуетін бір мың жарылғыш заттарға дейін жеткізуге қабілетті. Бейжің бейбіт уақытта ядролық күштерінің жауынгерлік әзірлігін нығайтуды көздейтіні айтылды.

Соңғы кездерде екі ел арасындағы қатынастар ұшықтырды. Оның ішінде сауда, әскери салаларында және Тайвань мәселесі бойынша ынтымақтастық.

Америка тарапының хабарлауынша, жақын арада АҚШ пен Қытай президенттерінің онлайн кездесуі жоспарланып отыр. Бірақ Қытай тарапы ол мәліметті дәлелдеген жоқ.

Ван Вэньбинь, ҚХР СІМ ресми өкілі:

– Қытай әрдайым өзін-өзі қорғауға бағытталған ядролық стратегияны іске асырғанын, ядролық қаруларға тыйым салу және оны толығымен жоюды жақтағанын, ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуге қажет ғана ядролық арсеналдың ең төмен деңгейін сақтағанын айрықша айтамын. Еліміз ядролық қаруды кез келген уақытта және кез келген жағдайда бірінші қолданбау негізін қолдайды, ядросыз елдер мен аймақтарға ядролық қаруды қолданбауды немесе қолданумен қорқытпауды сөзсіз жүктейді. Егер кез келген ел Қытайға қарсы қаруды қолданбаса, Қытайдың атом қарулары ешбір елге қауіп етпейді.

Сондай-ақ...