Әлемдегі ең үлкен круиздік кеме жолға шықты

Әлемдегі ең үлкен круиздік кеме жолға шықты

Ол Францияның Saint-Nazaire кемежайынан Марсельге бет алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алып кемені көруге мыңдаған адам жиналған. Әзірге кеме жолаушыларсыз қатынайды. Ал коммерциялық круиз келесі жылдың наурызына жоспарланған.

Айта кеткен жөн, әлемдегі ең үлкен лайнердің ұзындығы 350 метрден асады. Оның бортына 6 мың адам сыйып кетеді.