Ауғанстанда полиомиелитке қарсы екпе егу науқаны басталды

Ауғанстанда бүгіннен бастап 5 жасқа дейінгі балаларды полео-мелитке қарсы вакциналау жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрт күннің ішінде 10 млн-ға жуық бала егілуі тиіс.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шара елдің барлық мешіттерінде ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, ауған жерінде полио-мелит дертіне қарсы екпе егу шарасы 3 жылдай уақыт тоқтап қалған еді. Бұған аймақтағы саяси тұрақсыздық пен атыс-шабыстар себеп болды. Салдарынан 3,3 млн бүлдіршін вакцинасыз қалды. Бұл өз кезегінде эпидемияның кең етек жаюына әкеп соқты.