Италияда ежелгі замандағы құлдардың бөлмесі табылды

Италияның Помпеи қаласында ахрелогтар ежелгі замандағы құлдар тұрған бөлмені тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар 16 шаршы метрлік бөлме өте жақсы сақталғанын айтады. Қазба жұмыстары кезінде онда 3 кереует, сандық пен адамдардың жеке заттары шыққан.

«Онда тұрған әр зат көне заманғы құлдардың қандай жағдайда күн кешкенінің айқын көрінісі іспетті», дейді мамандар. Болжам бойынша Чи-вита Джулиана вилласында орналасқан бөлмеде бір отбасы мүшелері тұрған.

Айта кетейік, біздің эрамыздағы ежелгі Помпеи қаласында жанартау атқылағаннан кейін аймақта адам тұрмайды. Оған дейін шаһарда 19 мыңға жуық адам өмір сүрген. Ал аймақта археологиялық қазба жұмыстары 2017 жылы басталған.

Габриэль Зухтригель, «Помпеи» археологиялық саябақтың басшысы

– Зерттеу жұмыстары кезінде бөлмеден 3 керует табылды. Оның екеуінің ұзындығы шамамен 1,7 метр болады, ал үшіншісі сәл кішірек 1,4 метрдей. Ол балаға арналған деп ойлаймыз. Болжам бойынша бөлмеде шағын отбасы тұрған. Олар бұл жерге тек демалу үшін ғана келген.