Германияда рождестволық жәрмеңкелерде шектеулер енгізіледі

Германияда рождестволық жәрмеңкелерде шектеулер енгізіледі

Берлинде алғашқы рождестволық жәрмеңке ашылып, сауда дүңгіршектері алғашқы күні-ақ адамдарға лық толған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны ұйымдастырушылар індеттің өршуін бодырмау үшін арнайы ереже қолдануда. Жәрмеңкеге тек covid-19-ға қарсы егілгендер, ПТР-тест тапсырғандар немесе дерттен жазылып шыққандарға ғана кіруге рұқсат етілген. Сондай-ақ келушілерге әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүру кеңес етіледі.

Айта кетейік, Берлинде рождестволық ірі базарлар екі аптадан кейін ашылады. Қала билігі оған да тек коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар мен аурудан жазылып шыққандарды кіргізуге ниетті.

– Қазір тәтті тағамның дәмін татып, жұртпен араласып локдаунсыз өмірдің рахатын көріп жатырмыз. Былтыр барлығы жабық тұрып, қиын болған еді. Берлиннің баяғы мәдени өміріне қайта оралып жатқанына қуаныштымын.

– Менің ең жақсы көретінім - Александрплатцтағы жәрмеңке. Ол жерде үнемі концерт қойылып түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Әзірге Рождество мерекесінің тақағанын сезіне қойған жоқпын. Бірақ жұмыстан кейін демалыс күндері осы жерге жиналып тұрғанды ұнатамыз.