434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үндістанда Зика вирусы өршіді

  • 102
  • UPD: 22:36, 08.11.2021
Үндістанда Зика вирусы өршіді

Үндістанның Канпур қаласында Зика вирусы қайта өршіді.

Қауіпті инфекция 90 адамнан анықталған. Жергілікті денсаулық сақтау департаменті таратқан мәліметке сәйкес, олардың 17-сі бала. Тағы біреуі жүкті әйел. Қазір азаматтардың бәрі ауруханада тиісті ем қабылдап жатыр. Штат билігі аталған вирус жаппай тарап кетпес үшін науқастармен байланыста болған адамдарды іздеуге көшті.

Хабар 24 телеарнасы