Илон Масктың хабарламасы Tesla акцияларын арзандатты

Илон Масктың твиттердегі жазбасынан кейін Tesla акциялары 7,5 процентке арзандап кетті.

Демалыс күндері әйгілі миллиардер Твиттердегі парақшасында Tesla компаниясы акцияларын сату бойынша сауалнама жүргізген еді. Егер қолданушылар бұл ұсынысты қолдаса, өзіне тиесілі акциялардың 10 процентін сататынын ашық айтқан.

Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша 30 маусымда Илон Масктың Тесладағы үлесі шамамен 170 миллион акция болған. Соның 10 проценті өткен аптада 21 миллиард долларға бағаланған.

Сондай-ақ...