Италия ғалымдары: Кофе дәнін күннің жылуымен қуыруға болады

Күннің қуаты кофе дәндерін қуыруға жеткілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Италия ғалымдары осындай әдіс ойлап тапты. Инновациялық технологияны PuroSole компаниясы ойластырған. Бұл жобаны қолға алудағы негізгі мақсат - кофе қуыруға арналған ірі термодинамикалық жабдықтардың бағасын арзандату болған екен.

Жоба авторларының айтуынша, жаңа құрылғының қоршаған ортаға келтіретін зияны әлдеқайда төмен. Яғни осы тәсіл арқылы қуырылған кофенің әр тоннасынан бөлінетін көмірқышқыл газы 400 келіге аз.