Америкалықтар рэпер Трэвис Скотты сотқа берді

Оның концертіне жиылған адамдар қыспаққа түсіп, аяқ астында тапталып қала жаздаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыптаушылар денсаулықтарына келген нұқсанды миллион долларға бағалап отыр. Скоттың өзі марқұмдардың отбасына барынша көмек көрсететінін айтады. Сонымен қатар келушілердің барлығына билеттің құны қайтарылады деп уәде етті.

Естеріңізге салайық, Хьюстон қаласындағы әншінің концертінде 8 адам мерт болып, тағы 300-ге жуық келуші түрлі жарақат алған еді. Марқұм болғандардың ең жасы 14 жаста.