Мексика мен АҚШ шекарасы қайта ашылды

АҚШ пен Мексика шекарасы екі жылға жуық уақытқа созылған карантиннен кейін қайта ашылды.

Бірақ мемлекеттер аумағына вакцина қабылдаған туристер ғана кіргізіліп жатыр. Оның өзінде бұл препараттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданған болуы керек. Бұдан бөлек, азаматтар заңды түрде шекарадан өтуге қажетті құжаттар ұсынулары тиіс. Себебі соңғы айларда заңсыз шекара аспақ болған қатары көбейіп кеткен.