Crew Dragon кемесі ғарышкерлермен Жерге оралды

Америкалық Спейсикс компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі Жерге оралды.

Төрт астронавт мінген кеме АҚШ жағалауындағы айдынға сәтті қонды. Оларды құтқару операциясына бір кеме барды.

Ғарышкерлер жарты жылға жуық уақыттарын орбитада өткізді. Сөйтіп өздерімен бірге салмағы 200 келідей болатын зерттеу жұмыстарының нәтижелерін алып келді.