Вакцинадан бас тартқандар ақша төлеп емделеді

Сингапур үкіметі халықты коронавирустан тегін емдеуді тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бұл шара вакцина алудан ерікті түрде бас тартқан азаматтарға ғана қатысты. Осылайша Сингапур медицина мекемелерінің жүктемесін азайтуды көздеп отыр.

Елдің денсаулық сақтау министрі Онг Е Кунг халықтың 85 проценті кешенді вакциналаудан өткенін хабарлады. Екпеден өз еркімен бас тартқандардың үлесі анағұрлым аз. Дегенмен ковидпен ауырып, ауруханаға түскен жағдайда бұл азаматтар ем-шараға кететін қаржыны өз қалтасынан төлеуге міндеттеледі. Ал жасы 12-ден төмен балалар мен медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтар мемлекет есебінен емделе береді.