Италия үкіметі коронавируспен жаппай күрес жариялады

COVID-19-ға байланысты шектеулер келесі жылдың ортасына дейін ұзартылады. Коронавирусқа қарсы сертификатты қоғамдық орындарға бару үшін міндетті түрде қолдану 2022 жылдың жазына дейін ұзартылды.

9 қараша күнгі деректер бойынша індетті жұқтырған адам саны 98 775-ке тең болды. Италияда коронавирус тасымалдаушыларының жалпы саны 4 812 594 - бұл халықтың 8%-дан астамын құрайды, қайтыс болған адамдардың саны 132 423 болды. Бірінші және қайталама егуді жасаған адамдар саны 45 171 042, бұл Италия халқының 75% құрайды.

Дания коронавирус бойынша ел ішіндегі және көрші елдердегі ахуалына байланысты екі ай бұрын енгізілген карантиндік жеңілдіктерді тоқтатты.

Елдің премьер-министрі Метте Фредериксен шектеулер қайта енгізілетінін айтты – бұл санитарлық рұқсатнама жүйесін пайдалануға қайта оралуды білдіреді. COVID-19 бойынша арнайы комиссия Үкіметке коронавирусты «қоғамға қауіпті ауру» деп тануды ұсынды. Соңғы аптада Данияда індетті жұқтырудың 15 000-нан астам жаңа жағдайы анықталды.

Даниядағы пандемия кезеңінде коронавирусты жұқтырудың 404 000-нан астам дерек тіркелді. Ел халқының 75%-тен астамы толық егілді.