Литва Беларусьпен шекарада төтенше жағдай режимін енгізді

Литва Парламенті 10 қарашадан бастап Беларусьпен шекарада бір айға төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Литва Парламенті ел үкіметінің мигранттарға қатысты жағдайдың ушығуына байланысты Беларусьпен арадағы шекарада төтенше жағдай енгізу туралы ұсынысын мақұлдады.

«Беларусьпен шекарада төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім тәуелсіз Литва тарихында алғаш рет қабылданды», – делінген Парламенттің Twitter-дегі хабарламасында.

Жергілікті басылым мәліметтері бойынша, Парламентте 122 депутат бұл шешімді жақтап дауыс берген, біреуі қарсы болған, қалыс қалғаны жоқ.

Төтенше жағдай режимі елде 10 қарашадан бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ...