«Мона Лизаның» көшірмесі аукционда сатылды

Леонардо Да Винчидің Мона Лиза көшірмесі Парижде өткен аукционда 104 млн теңгеге сатылды.

Болжам бойынша картина 1600 жылы салынған. Оның авторы француз сурет мектебінің шәкірті болған. Бастапқыда сарапшылар туындыны 150-200 мың еуроға бағалаған еді.

Айта кетейік, Мона Лизаның түпнұсқасын 1518 жылы Леонардодан Франсуа I сатып алған болатын. Қазір әлемге әйгілі картинаны Париждің Лувр мұражайында көруге болады.