Ауғанстанда қарулы топ тәліптерге қарсы шықты

Ауғанстанда тағы бір қарулы топ тәліптерге қарсы партизандық соғыс бастайтынын мәлімдеді. Бұл жолы радикалды қозғалысқа қарсылық танытушы күш Лагман провинциясында бас көтерген.

Олар Ахмад Масуд бастаған Ұлттық қарсылық майданын қолдайтынын жеткізді. Жақында Кабул провинциясында да бір топ осы майданға қосылатынын жариялаған. Бағлан, Парван, Бадахшан провинцияларында да тәліптерге қарулы қарсылық белең алған.

Еске сала кетейік, «Талибан» биыл тамыз айының ортасында Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейін Панджшер провинциясында елдің бұрынғы вице президенті Амрулла Салех пен дала командирі Ахмад Масуд тәліптерге қарсы Ұлттық майдан құрған. Бірақ тәліптер кейін аймақты бақылауына алғанын жариялайды. Алайда Ұлттық майдан радикалды қозғалыс Пәкістан әуе күштерінің қолдауымен аймақтың тек бір алқабын ғана жаулай алды деп отыр.

Сондай-ақ...