Pfizer басшысы вакцина салуды тұрақты үрдіске айналдырғысы келеді

Pfizer компаниясының басшысы Альберт Бурла Ковид-19-ға қарсы ревакцинация жыл сайын өткізілуі керек деп санайды.

Айтуынша, бустерлік дозадан кейін адам бір жыл ғана індеттен қорғаулы. Сол себепті халық жылда егілуі тиіс. Сонымен қатар Pfizer мен BioNTech компаниясы АҚШ билігінен өз препараттарына қойған шектеулердің күшін жоюды сұрады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ-та аталмыш компанияның вакцинасын бустерлік доза ретінде тек 18 жастан асқан, иммунитеті әлсіз немесе трансплантация бойынша операция жасаған азаматтар ғана ала алады деген шешім қабылданған. Өзге топтағы азаматтардың жаппай ревакцинациясына әзірше рұқсат берілген жоқ. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, әлем елдерінің 10 процент тұрғыны егілмейінше дамыған елдерде ревакцинация шарасын жүргізудің қажеті жоқ деген пікірде.

Айтуынша, бұл коронавирусқа қарсы препараттың кедей мемлекеттерге тең бөлінбеуіне әкеп соғады.