Нью Делиді көк түтін тұмшалады

Үндістан астанасы Нью-Дели аспанын көк түтін тұмшалағанына төртінші күн болды.

Бұған Дивали мерекесі кезінде отшашу ату мен қала шетіндегі ауылды жерлерде бидай сабақтарын жағу түрткі болған. Салдарынан қала түтіннен әлі арылмай тұр. Шаһар билігі мәселемен күресу үшін көшелерге су шашып жатыр. Бірақ тұрғындар кешігіп қолға алынған шарадан қайран аз дейді.

Анкит Чатурведи, Нью-Дели тұрғыны:

- Түтіннен демалу қиындады. Ауаның ластанғаны соншалық, таққан бетпердеміз тез қап қара болып жатыр. Тамағың жыбырлап жөтеле бергің келеді. Күн сәл салқын болғанымен түтін көзді ашытады.

Джамна өзенін улы көбік қаптады

Нью-Дели аспанын түтін басқаны аз болғандай осы шаһар арқылы ағатын Джамна өзенінің бетін улы көбік жапқан. Табиғатты қорғаушылар бұған киім тігетін өндіріс ошақтары кінәлі дейді. Мамандар олар өзенге қалдықтарды белігленген мөлшерден көп төгеді деп отыр. Бірақ улы көбікке қарамастан өзенде діни рәсім жасаушы жергілікті тұрғындарды кездестіруге болады.

Сондай-ақ...