Pfizer екпесі балаларға салынып жатыр

Файзер компаниясының Кэменити атты вакцинасы АҚШ пен Еуроодақ елдеріндегі балаларға салынып жатыр.

Клиникалық сынақтарға 40 мыңнан аса адам қатысқан. Зерттеу нәтижелері екпенің тиімділігі 95 процент екенін көрсеткен. Препаратты тоңазытқышта минус 90 градус пен минус 60 градус аралығында ұстау керек. Сақтау мерзімі – 6 ай. Вакциналаудың толық курсы 2 дозадан тұрады. Екеуінің арасы 21 күн болу керек.