Румынияда ауруханадағы өрттен екі адам қаза тапты

Румынияның ПлоЕшти қаласында ковид-науқастарға арналған ауруханада өрт шықты. Соның салдарынан 2 адам көз жұмды.

Бір медбикені күйік шалды. Апатқа байланысты ондаған азамат шұғыл түрде эвакуацияланған. Қазір полицейлер тергеу жұмыстарын өткізуде. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Айта кетейін, осыдан бірнеше ай бұрын бұл емханаға өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмағаны үшін айыппұл салынған болатын.