Тбилисиде Саакашвилидің жақтастары шеруге шықты

Тбилисиде Михаили Саакашвили үстінен осыдан 14 жыл бұрын ашылған қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі өтті. 

Атап айтқанда, ол 2007 жылдың 7 қарашасында өткен бейбіт наразылық шеруді күшпен тарату және оппозициялық «Имеди» телеарнасын талқандалуына қатысты қозғалған болатын. Енді Михаил Саакашвили мен сол кезде билікте болған жоғары лауазымды екі шенеунік қызметтік өкілеттігін асыра қолданғаны үшін айыпталып, оларға 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы шығарылуы мүмкін. Саакашвилидің өзі сот мәжілісіне қатыспады. Судьялар мен адвокаттың талабына қарамастан пенитенциарлық қызмет тәртіпсіздікке жол бермеу үшін оны сотқа жеткізген жоқ. Қазіргі кезде Саакашвили Глданидегі абақтының ауруханасында қамауда отыр. Ал оның жақтастары Тбилисидегі үкіметтік мекемелер алдында 4 наразылық шеруін өткізді. Нәтижесінде 50 шақты адам қамауға алынды.

Грузия ішкі істер министрлігі олар ғимараттарға кіретін есіктерді бұғаттап қойды дейді. Соттың келесі мәжілісін 29 қарашада өткізу көзделіп отыр.