Қауіпсіздік кеңесіне мүше ЕО елдері Беларусьті айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше Еуроодақ елдері мен АҚШ және Ұлыбритания Беларусь билігін Польшамен шекарадағы миграциялық дағдарысты қолдан жасап отыр деп айыптады.

Бірлескен мәлімдемені Эстонияның ұйымдағы тұрақты өкілі Свен Юргенсен жасады. Ол ресми Минск Еуроодақ аумағында тұрақсыздық туғызу үшін мигранттардың өміріне төнген қауіпке қарамастан оларды әдейі пайдаланып отыр деді. Осыған байланысты халықаралық қауымдастықтан Беларусь билігіне қарсы бірлесіп әрекет етуге шақырды. Және Минске көмектесіп отырғандарға қарсы шаралар қарастырылатынын жеткізді.