Ердоған Венгрия премьер-министрімен миграциялық дағдарысты талқылады

Анкараға іс-сапармен барған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуроодақтағы миграциялық дағдарыс мәселесін шешу үшін Режеп Тайып Ердоғанмен жүздесті.

Кездесуде Ердоған аймақта орын алған жағдайға түрік елі жауапты емес екенін ескертті. Десе де шекарадағы бақылауды қатаңдату үшін Венгрия шекарасына қосымша ондаған әскер жіберетінін хабарлады. Орбан болса Еуропалық одақта Түркияға қаржылай көмек көрсету мәселесін көтеретінін уәде етті.

Айта кетейік, Таяу Шығыс, Африка мен Азия елдерінен шыққан заңсыз келімсектер кәрі құрлыққа табан тіреу үшін алдымен Грекияға Түркия арқылы өтуде.

Виктор Орбан, Венгрия премьер-министрі:

– Қазір Еуропа елдеріне Жерорта теңізі, Батыс Балқан мен Беларусь жақтан заңсыз мигранттар нөпірі ағылып жатыр. Жан-жақтағы шекараны нығайту үшін одақтастарымыздың көмегі ауадай қажет. Онсыз ушыққан мәселені шеше алмаймыз. Бүгін Түркия тарапы Венгрия шекарасындағы бақылауды күшейту үшін аймаққа 50 шекарашыны жөнелтетінін уәде етті.

Сондай-ақ...