Польшада мигранттарға арналған орталық ашылды

Польшаның шығысындағы Михалово қаласында миганттарға арнайы орталық ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын мектеп пен өрт сөндіру қызметінің ғимараты болған орталыққа  кірмелер жылынып, тамақтану үшін келе алады. Сонымен қатар орталық Беларусьпен арадағы шекарада жиналған заңсыз келімсектерге де көмек көрсетуде.

Айта кетейік, күннің сууына байланысты  шекардағы босқындардың жағдайы қиындады. Рейтер ақпарат агенттігі аймақта 7 мигранттың қаза тапқанын хабарлайды.

Пуртас Пур, волонтер:

– Мигранттарға барынша көмек көрсетіледі. Ұйымдастырушылар, белсенділер мен волонтерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда. Босқындарға арналған тамақ бізге де беріледі. Медицина қызметкерлеріне қажет құрал жабдықтардың бәрі бар. Михалово муниципалитетінің билігі мықты қолдау көрсетуде.  Менің ойымша орын алған жағдайға адамгершілікпен қарау керек.