NASA астронавттары халықаралық ғарыш станциясына сәтті қонды

Бортында 4 астронавт отырған SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі станцияға Киев уақыты бойынша түнгі 1:30да түйісті. Бұл туралы «Хабар 24» NASA-ның АҚШ-тағы Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Экипаж құрамында Насаның 3 автронавты мен Еуропалық ғарыш агенттігінің бір астронавты бар. Халықаралық ғарыш станциясында оларды ресейлік астронавтр Пётр Дубров , Олег Новицкий мен НАСАның Марк Ванде Хай есімді астронавты  құшақ жая қарсы алды.

Естеріңізге салайық, Crew Dragon халықаралық ғарыш станциясына сәрсенбі күні аттанды.

Жоспар бойынша мамандар онда 2022 жылдың сәуіріне дейін болады.