Данияда вакцинация паспорты қайтадан енгізілді

Данияда вакцинация паспорты қайтадан енгізілді

Данияда ковид-төлқұжат қайта енгізілді. Енді елдегі дәмханаларға кіру үшін азаматтар вакцина алғанын растайтын электронды сертификат көрсетуі тиіс.

Қатысушылар саны 2 мың адамнан асатын бұқаралық шараларға кіруге де дәл осындай талап қойылған.

Айта кетейік, Данияда бұл ереже қыркүйекте алынып тасталған еді. Бірақ вирус жұқтыру деректері арта бастаған соң ел билігі бұл шектеуді қайта енгізіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі келтірген мәлімет бойынша соңғы уақытта науқастар саны екі есеге артып кеткен. Күн сайын 2-3 мың адамнан вирус анықталады.