Ирак Беларусьпен арадағы әуе қатынасын тоқтатты

Өз кезегінде Ирак билігі Беларусьпен арадағы әуе қатынасын тоқтатып, Бағдадтағы Беларусь консулының жұмыс лицензиясын қайтарып алды.

Ирак сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, олар мұндай қадамға Беларусь пен Польша аумақтары арқылы өтіп жатқан заңсыз мигранттар легін тоқтату үшін барған.