Нидерланд билігі Covid-19-ға байланысты ішінара локдаун жариялады

Нидерланд Премьер-Министрі COVID-19-ға байланысты ішінара локдаун жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеулер үш аптаға, 13 қарашадан 4 желтоқсанға дейін енгізілді. Ел тұрғындарының көпшілігі қашықтан жұмыс істеуге көшеді, дүкендер 18:00-де жабылуы керек.

Грекия билігі коронавирус туралы жалған жаңалықтар таратқаны үшін қылмыстық жаза енгізді. Олар «азаматтардың алаңдаушылығын, қорқынышын тудыратын немесе қоғамның ұлттық экономикаға, елдің қорғанысына немесе қоғамдық денсаулыққа деген сеніміне селкеу түсіретін» жалған мәліметтер таратқаны үшін жазалауды жоспарлап отыр.

АҚШ-та вакцинацияны ішкі рейстер үшін міндетті ету ұсынылды. АҚШ Конгресінің 30-дан астам мүшесі Президент Джо Байденге осындай ұсыныспен жүгінді.