Қырғызстанның таулы аймағындағы камераға ойнап жүрген қар барыстары түсіп қалған

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Тоң ауданындағы Байбосын қорығында орнатылған камераға ойнап жүрген барыстың күшіктері түсіп қалған, - деп хабарлайды Хабар24 Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

Қорықшылардың айтуынша, видео таудан 3500 метрден аса биікте түсірілген.

Шамамен 5-6 айлық екі күшігі бар аналық қар барысы күні бойы камера орнатылған жерде жүрген. Осы уақыт ішінде барыстар камера алдында біраз ойнапты. Камераға қозғалыс әсер ететіндіктен оның жады бірнеше сағаттан кейін толып қалған.

Күшіктер камераға сирек түсіріледі, сондықтан экологтар бұл кадрлар арқылы Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы білуге мүмкіндік туды деп санайды.