434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Швейцарияда БҰҰ мен ЕҚЫҰ бірлескен конференциясы өтті

  • 89
  • UPD: 13:10, 14.11.2021
Швейцарияда БҰҰ мен ЕҚЫҰ бірлескен конференциясы өтті

Женевада БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының алғашқы бірлескен конференциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны Женевадағы БҰҰ бөлімшесі, Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық  ұйымы және Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы ұйымдастырды. Жиында пандемиядан кейінгі кезеңде қақтығыстардың алдын алу мен аз ұлттардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өміріне араласуын жандандыру мәселесі талқыланды.

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валоваяның айтуынша, аз ұлттарды экономиканы қайта қалпына келтіру мен кедейлік көрсеткіштерін төмендетуге тарту бойынша мұндай кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшелері мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасында көпір орнатуға көмектесе алады.

Қайрат Әбдірахманов, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары:

– Экономикалық даму мен тұрақтылық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізі. Аз ұлттардың экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейте отырып, біз тұрақты дамуға және өркендеуші қоғам құруға үлес қосамыз.

 

Хабар 24 телеарнасы