Ұлыбританиядағы конференцияда әлем елдері шикізат қолдануды қысқартуға келісті

БҰҰ Глазгода климаттың өзгерісі жөніндегі конференциясын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Екі аптаға созылған келіссөздер бойынша 200-ге жуық елдің өкілдері температураның бір жарым градустан жоғары көтерілуіне жол бермеуге келісті. Сондай-ақ қатысушылар кедей және дамушы елдердің жасыл экономикаға көшуі үшін қаржылай көмек беруге уағдаласты. Бұдан бөлек, саммитте көмірді тұтыну мәселесі де қаралды. Бірақ қатты отыннан бас тарту туралы бастамалары құжат жүзінде бекітілмеді. Оның орнына әлем елдері шикізат қолдануды қысқартуға келісті.