Грекия туристер үшін шектеуді күшейтті

Елде коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне орай Грекия билігі қарашаның басынан шектеу шараларын күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24»  Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Енді тамақтану орындарына, сауда орталықтары мен дүкендерге бару үшін жергілікті тұрғындар мен туристерде вакциналау сертификаты немесе COVID-19 үшін ПТР-тестінің теріс нәтижесі болуы керек.

Жаңа шектеулер 22 қарашаға дейін созылады.

Ал азық-түлік дүкендері, дәріханалар, жанармай құю бекеттері мен базарларға кіру үшін қандай да бір құжат талап етілмейді.