Қытайда 84 млн бала коронавирусқа қарсы вакцина алған 

Бүгінге дейін олардың жартысынан астамы екпенің үшінші дозасын алып үлгерген, деп хабарлайды «Хабар 24»

Елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, 3 пен 11 жас аралығындағы 84 миллион бала коронавирусқа қарсы вакцина алған.  Жыл соңына дейін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ балалардың бәрін вакциналау көзделген.

У ЛЯНЪЮ, ҚХР денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің өкілі:
–Біз covid-19 инфекциясын жұқтыруды мейлінше азайту үшін қолда бар ресурстардың дұрыс пайдаланылуын әрі қарай да бақылауда ұстап, тұмау мен өзге де респираторлық ауруларға қарсы екпе егу жұмыстарын жалғастыра бермекпіз.