Германиядағы ауруханаларда орын жетіспей жатыр

Германияда жансақтау бөлімдерінде коронавирус жұқтырған науқас көп. Клиникаларда бос орындардың үлесі 10 проценттен де аз.

Медицина қызметкерлері тапшы. Дәрігерлер жоспарлы операцияларды кейінге шегеруге мәжбүр. Германияда осы аптада тәуліктік өсім бойынша бірнеше рет антирекорд тіркелді. 11 қарашада бұл көрсеткіш 50 мыңнан асып кетті. Жансақтау бөліміндегі науқастардың дені вакцина салдырмаған азаматтар. Билік қайтадан ПТР-тесттерді тегін қылды. Ал дәрігерлер қайтадан локдаун енгізуге шақырып отыр.

Никлас Шнайдер, жансақтау бөлімінің қызметкері:

- Біздің бөлімде науқастарды жатқызатын орын жоқ. Вирустың бірінші толқынымен салыстырғанда, медицина қызметкерлері айтарлықтай азайып қалған. Бұл сұмдық қой! Науқастар саны күн санап артып барады. Әсіресе Мюнхендегі жағдай қиын. Қалада індет жұқтырғандар саны екі есе көбейді.