Болгарияда COVID-ауруханадағы өрттен үш адам қаза тапты

Болгарияның Сливен қаласындағы аурухананың COVID бөлімінен шыққан өрттен үш қария қаза тапты, деп хабарлады ТАСС.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ауруханадан өрт шыққаны туралы хабарлама жексенбі сағат түнгі 02:39-да (Мәскеу уақытымен сағат 03:39) түскен.

Оқиға орнына екі өрт сөндіру көлігі жіберілді. Өрттің төртінші қабаттағы палатадан шыққаны анықталды.

Ауруханадағы науқастар қауіпсіз жерге шығарылды. Жалын 15 минуттың ішінде сөндірілді. Өрттің шығуына пациенттердің бірінің темекі тартып, сөндіріп кетпеуі себеп болған болуы мүмкін.

Тергеу амалдары жүргізілуде.