Хакерлер АҚШ-тың ішкі қауіпсіздігіне қатер төндірді

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы «жүйесін хакерлер бұзып кірді»деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ішкі барлау қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, қаскүнемдер мекеменің электронды пошталарынан жалған хаттар жіберген, бірақ құпия мәліметтерге қол жеткізе алмаған. Хакерлердің кім екені әлі анықталған жоқ. Олар бағдарламалық қамтамасыз етуде кеткен қателіктерді пайдаланып, Leep порталына кірген. Мамандар бұл кемшілік түзетілді дейді.

Федералды тергеу бюросы электронды поштасының бұзылғаны туралы Bloomberg агенттігі хабарлаған еді. Хакерлер АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздігі министрлігінің атынан жүз мыңға жуық хат жіберіп үлгерген.