MTV Europe Music Awards 2021 сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Жексенбі күні кешке Будапештте MTV Europe Music Awards 2021 сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

Британиялық музыкант Эд Ширан «Үздік орындаушы», ал оның Bad Habits («Жаман әдеттер») әні «Үздік ән» номинациясын иеленді. Марапаттау рәсімі сыйлықтың сайтында тікелей эфирде өтті. 

«Үздік рок-орындаушы» атағы Италияның Maneskin тобына бұйырды. Бұл топ – 2021 жылдың мамырында өткен «Евровидение» байқауының жеңімпазы.

Ең көп номинация Оңтүстік Кореяның BTS ұжымына берілді. Олар «Үздік топ», «Үздік поп-орындаушы», «Үздік кей-поп орындаушы» және «Ең сенімді жанкүйерлер» категориялары бойынша марапатталды.