Тәліптер Кабулда әскери шеру өткізді

Тәліптер Кабулда әскери шеру өткізді. Ондаған америкалық бронды техникаға мінген тәліптер Кабулдың орталық көшесімен жүріп өтті.

Ал көкте ресейлік тікұшақтар қалықтады. Сарбаздардың қолында – АҚШ-та жасалған автоматтар. Қарудың көп бөлігі оларға Америка әскерінен қалған. Тәліптер бұл шеруді қатарға жаңадан 250 жауынгердің қосылуына байланысты ұйымдастырғанын айтады. Бірақ сарапшылар «Талибан» осы іс-шара арқылы террористік ұйым емес, жүйелі, тұрақты әскерге айналғанын әлемге көрсетуді көздейді деп есептейді.