Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігі жеткіншектерді вакциналауға шақырды

Әзербайжанда коронавирус індеті қайта дендеп кетті.

Күн сайын елде 2 мыңнан астам науқас анықталып жүр. Арасында оқушылар, студенттер мен ұстаздар көп. Осыған байланысты қайта қашықтан оқытуға ауыстыру туралы әңгіме қозғала бастады. Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды тезірек вакцина алуға шақырып отыр.

Әзербайжанда оқу орындары биыл қыркүйек айында ашылды. Алайда кейде вирус жұқтыру тіркелгенде жеке мектептер карантинге жабылады. Мәселен, қазір Бакуде 14 мектеп уақытша қашықтан оқуға ауысқан. Жақында 6 мұғалімі мен 16 оқушысы ковидпен ауырып қалған лицей жабылды. Осы уақытқа дейін бөлек оқу орындарында карантин жарияланып, жалпы білім беру саласы қалыпты жұмысын тоқтатқан жоқ. Өйткені жергілікті сарапшылардың пікірінше, қашықтан оқыту білім беру сапасына кері әсерін тигізді.  

Эльнура Мамедова, ұстаз:

– Қашықтан оқытудың біраз кемшілігі бар. Бұл ең алдымен биыл жоғары оқу орындарына түскендегі бағаларадан білінді. Сабақтарға қосылу кезінде талай қиындық туындаған. Мұғалімдер де қиналып қалды.

Кямран Асадов, білім беру саласының сарапшысы:

– ЮНИСЕФ өкілдері коронавирустың таралуына байланысты локдаун жарияласа, мектептер мен университтер ең соңғы жабылуы керек деп санайды. Бірінші сынып оқушыларын қашықтан оқытуға ауыстыру қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Бұл балалар мен ата-аналарын да, мұғалімдерді де қатты күйзелтеді. Биыл оқушылар мен студенттердің үлгерімі едәуір нашарлағанын айқын көрдік. Бұған маңызды техникалық пәндерді қашықтан оқыту себеп болды. 

Эпидахуалды жақстарту және оқу орындарын жаппау үшін денсаулық сақтау министрлігі ұстаздарды тезірек үшінші екпе салдыруға шақырды. Оған қоса 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірмерді вакциналау науқаны басталып кетті. Жеткіншектер ата-аналарының рұқсатымен Пфайзер вакцинасын салдыра алады. Қазіргі кезде 500-дей жасөспірім бірінші екпе алған.  

Бадрия Гусейнова, педиатр:

– Түктен қорықпау керек. Сау ағзада асқыну болмайды. Көп болса, дене қызуы көтеріліп, екі-үш күн буын сырқырайды. Ал созылмалы аурулары бар балаларды вакциналауға дейін тексеріп, екпе алғаннан, кейін бақылауды жалғастыру қажет. Вакциналаудан қазір басқа амалымыз жоқ.

Бүкіл ел аумағында әзірше үшінші екпені 544 мың адам алған. Егер індет таралуы бәсеңдемесе, оқу орындары жабылуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, вакциналауды жалғастырып, бұл іске көбірек жасөспірімді тартса, қашықтан оқытуды енгізбеуге де болады.

Авторлары: Камилла Джабарова, Айгюн Гасан