БАҚ: Кабулдағы дүкенде жарылыс болды

Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулдың батысында жарылыс болды.

Салдарынан кем дегенде екі адам жарақат алды. Бұл туралы Alamaj News хабарлады.

15 қараша күні таңертең Коте Санги аймағында қолдан жасалған мина жарылған. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Reuters мәліметінше, оқиға дүкенде болған.