Қытай коронавирустың Дельта штамымен күресіп жатыр

Соңғы бір айда елде коронавирустың Дельта штамын жұқтыру дерегі күрт көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24» Reuters сайтына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, 17 қазан мен 14 қараша аралығында елде жалпы саны 1308 жағдай тіркелген, бұл жаздағы Дельта ауруы кезінде тіркелген жағдайдан асып кеткен. Ол кезде науқастар саны 1280 болатын.

Дәл қазір коронавирустың қауіптілігі жоғары. Дельта штамы өршіп, елдегі 21 провинция және муниципалитетте күрес жұмыстары күшейтілуде.

Айта кетейік, бұл басқа елдерде таралған індетке қарағанда аз.

Алайда Қытай билігі инфекцияның таралуын болдырмауға тырысып бағуда. Қазір тұрғындарды жаппай тестілеу және ауруханаларды мақсатты түрде жабу арқылы вирустың таралуын болдырмау шараларын қолға алған.

Сондай-ақ шетел сапарларына шектеу қойып, тексерулерді күшейтті, аурудың бетін қайтарып, қырағылықты арттыруға шақырды.

Бұған дейін Қытайдың Ухань қаласының билігі қалада коронавирус инфекциясының бірнеше жағдайы анықталғаннан кейін бүкіл халықты ПТР-тестілеуден өткізді.