Индонезияда пластмасса қалдығынан үй тұрғызылады

Филиппин астанасында пластик қоқыстан үй тұрғызуды қолға алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба арқасында соңғы 2 жылда жүздеген тонна қалдық игерілген. Бұл үшін қоқыстардан алдымен тақтайлар жасалады. Мамандар оның құбылмалы ауа-райына өте төзімді әрі арзан екенін айтады. 

Эрика Рейс, «Рlastic flamingo» компаниясының директоры:

–Біздің өніміміз 100% қайта өңделген қоқыстан дайндалады. Оларға шірімейтін бояулар қолданылған. Мұндай үйлер өте шыдамды болып келеді.

ИТАЛИЯ – ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЖЕТЕКШІ МЕМЛЕКЕТ

Бұл елдегі қағаз бен картон өндірісінің 85 проценті қалдықтан жасалады. Әлемде қазбалы байлықтардың үштен бір бөлігі таусылған. Сондықтан кей елдерде қоқысты қайта өңдеу бастамаларына көңіл бөлінеді. Мысалы, Италия Еуропада қалдықты қайта өңдеу бойынша жетекші елдің біріне айналды. Апеннин түбегінде қоқысқа тасталған заттардың жартысы қайта өңделеді. Сөйтіп Италия Еуропада қағаз бен картонды қайта өңдейтін жетекші елге айналды.

ПЛАСТИК ОТЫН РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ

Индонезия астанасында пластик қоқыстарды цемент зауытына отын ретінде пайдаланады Әлемді пластик қалдықтары көп алаңдатады. Дүниежүзінде жыл сайын 300 миллион пластик қоқыс шығарылып, оның 42 миллионы ғана қайта өңделеді. Қытайдан кейін мұхитты пластмассамен ең көп ластайтын мемлекет Индонезияда бұл ең өзекті түйткіл. Мәселені шешу үшін Юнилевер бірлестігі Джакартаның шетінде тау болып үйілген пластик қоқысты цемент зауытына отын ретінде пайдаланатын өндіріс ошағын ашқан. 

Ита Садано, Solusi Bangun Indonesia компаниясының өкілі:

Біздің цемент зауытында отын ретінде негізінен көмір қолданылады. Пластик қоқыстан жасалған отын 20 процентті құрайды. Бірақ алдағы уақытта оның мөлшерін 35%-ке жеткізбек ойдамыз. Оларды қолдану барлық экологиялық талаптарға сай жүргізіледі.

РЕСЕЙДЕ ЖЫЛ САЙЫН 70 МИЛЛИОН ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛАДЫ

Ресейде жыл сайын 70 миллион тонна қоқыс шығарылады екен. Олардың 60 миллионы полигонға көміледі. Жалпы елде өңделмеген қоқыcтың көлемі 31 миллиард тоннаға жеткен. Оларды сақтайтын ауқымы 4 миллион гектар 100-ден астам полигон бар. Бұл Нидерланд пен Швейцария аумағына пара-пар. Ал олардың көлемі 2050 жылға қарай Ресей жерінің 1 процентіне жетуі мүмкін.

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІНЕН ТОЛҚУ БОЛДЫ

Тунисте жыл сайын 2,5 миллион тонна қоқыс өңдеусіз төгіледі. Елде екінші ірі қала Агареб шаһарында өңдеуісіз жатқан қоқсық полигоны жабылып, қалдықтар апаратын жер болмай қала көшелері қоқысқа толған. Тұрғындар биліктен мәселені шұғыл шешуді сұрап шеруге шықты.

Абдесаттар, Агареб қаласының тұрғыны:

Біздің ауданда қоқсықтың көбейгені соншалық одан тараған жаман иістен тереземізді аша алмайтын болдық. Мұндай іске тұрғындар емес мемлекет жауапты. Мәселені тек билік шеше алады.

ЭЛЕКТРОНИКА ҚАЛДЫҚТАРЫ - ЕҢ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

Әлемде ең түйткілді қоқыстың түрі – электрондық қалдықтар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, 2019 жылы 55 миллион компьютер, ұялы телефон, телевизор және басқа да электроника мен тұрмыстық техника тасталыпты. Бірақ олардың тек 17 миллионы ғана талапқа сай қайта өңдеуден өткізілген. Қалғаны қоқыс полигонына лақтырылған.