Колорадо штатында мектептегі атыстан 6 бала жараланды

АҚШ-тың Колорадо штатында 6 оқушы жараланды. Көбіне оқ тиген. Оқиға Орора қаласындағы мектеп жанындағы саябақта болған. 

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жараланғандар 14 пен 18 жас аралығындағы оқушылар. Олардың 5-еуі ауруханаға жеткізілді. Қазір мектепті полиция күзетіп тұр. Оқ атқан қаскөй ізін суытып үлгірді. Оның бұл әрекетінің себебі әзірге белгісіз.

Ванесса Уилсон, полиция басшысы:

- Жарақат алған бір бала ауыр халде жатыр. Дәрігерлер операция жасаған. Жарақат алғандарға жедел көмек көрсеткен мектеп қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Түрлі калибрдегі бірнеше оқ табылды. Күдікті әлі іздестіріліп жатыр. Мән-жайды айтып бере алатын куәгерлер болса, мамандарға көмек көрсетуін сұраймыз.