433,32 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ірі авиаконцерн 255 коммерциялық ұшақ сатуға келісім жасасты

  • 80
  • UPD: 12:43, 16.11.2021
Ірі авиаконцерн 255 коммерциялық ұшақ сатуға келісім жасасты

Airbus пандемия кезеңіндегі алғашқы ірі тапсырысқа қол жеткізді. Американдық жеке инвестициялық компаниямен 255 әуе көлігін сату бойынша келісім жасалды.

Билл Франке бұған дейін де бірқатар мемлекеттегі түрлі әуекомпаниялардың акцияларына ие болған. Airbus басшылығы да A321 ұшағына түскен осынау тапсырысты «жақсылықтың белгісі» деп бағалады. Келісім-шарт сомасы нақтыланбаған. Әйтсе де, сарапшылар оның 1 млрд долларға жуықтайтынына шүбә келтірмейді. Еуропалық әуе концернінің болжамынша, алдағы 20 жылда әлемге 39 мың жаңа жүк және жолаушы ұшағы қажет. Оның 15 мыңы ескілерін алмастырады. Мамандар осымен коммерциялық ұшақтардың соңғы буынын шығармақшы.

Хабар 24 телеарнасы