Канар аралдарына қайықпен бара жатқан 2 мигрант қаза тапты

Испанияның Канар аралдарына бара жатқан қайық қайраңдап қалып, 2 босқын ажал құшты. Тағы бесеуі жарақат алған.

Олар ауыр жағдайда ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Испания жағалау күзетінің хабарлауынша, кемеде 56 босқын болған. Барлығы Солтүстік Африка елдерінің азаматтары. Аман қалғандары қазір Аргинегин айлағында. Осыдан 2 күн бұрын ғана 62 адам мінген қайық суға батып, 8-і көз жұмған еді. Испания Ішкі істер министрлігінің есебі бойынша қаңтар айынан бері Африкадан Канар аралдарына 16 мың 800-ден астам босқын келіпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 процентке көп.

Сондай-ақ...