АҚШ инфрақұрылымды дамыту арқылы жұмыс орындарын ашады

Джо Байден инфрақұрылымға 1 трлн доллар бөледі.

Бұл жоба арқылы американдықтар үшін жұмыс орындары ашылып, жаңа мектептер, көпірлер, жолдар, айлақтар, теміржолдар мен әуежайлар салынуы тиіс. Сондай-ақ миллиондаған тұрғын жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізеді. Әуелде жоба құны 3 жарым триллион долларға жеткен. Бірақ көп айқайдан соң қаражат 3 есе қысқарған.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Әлем түбегейлі өзгерді. Біз көп нәрсеге дайын болуымыз керек. Келесі жылы Америка 20 жылда алғаш рет инфрақұрылымға Қытайға қарағанда көбірек ақша салған жыл болмақ. Жарты ғасырдан кейін тарихшылар «дәл осы сәттен АҚШ ХХІ ғасырдың бәйгесінде көш бастады» деп айтарына еш күмәнім жоқ. Біз осы заң жобасын қабылдамағанда АҚШ көшбасшы мемлекет мәртебесінен айырылар еді.