Куба шетелдік туристер үшін шекарасын ашты

Жасы 12-ден асқан жолаушылар вакцина салдырғаны туралы куәлік немесе ПТР тест нәтижесін көрсетуі тиіс.

Сондай-ақ Бостандық аралында 700 мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы, ұзақ үзілістен кейін мектепке оралды. Жыл аяғына дейін сырттан келушілер саны 200 мыңға, ал келесі жылы 100 мыңға жетеді деген үміт бар. Саяхатшыларға кеңшілік жасауға екпе шараларының қарқынды жүруі себеп. Бұл елде халықтың 65 проценттен астамы толық вакцина салдырған, ал бірінші дозаны алғандар саны 90 процентке жетті. Осының арқасында коронавирустан қайтыс болу және жұқтыру дерегі 80 процентке кеміген.

Лизет Ургеллес, әуежай компаниясы бас менеджерінің орынбасары:

- Бұл әуежайда біз аптасына шамамен 51 әуе рейсін қабылдаймыз. Екінші терминал жабылып қалған еді, бүгін қайта ашылып, 9 ұшақты қабылдап үлгірді. Осы аптада біз 2 терминал арқылы 170 әуе рейсін қабылдамақпыз.