Канадада алапат су тасқыны жүрді

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында алапат су тасқыны жүрді. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар жаппай эвакуацияланды.

Мерритт қаласының билігі 8 мың азаматты үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшуге шақырған. Табиғаттың тосын мінезінен көлік қозғалысы қиындап, рейстер кейінге шегерілді.

Айта кетейін, аймаққа 200 миллиметр жауын түскен. Бұл бір айлық нормамен тең көрсеткіш, дейді мамандар.

 

Сондай-ақ...