Украинада вакцинацияның толық курсынан өткендерге 1 мың гривен төленеді

Украинада вакцинацияның толық курсынан өткендерге 1 мың гривен төленеді. Бұл шамамен 38 долларды құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

«Бұл ақшаға спортзалға жазылуға, кинотеатрға, театрға, мұражайға, концерт немесе көрме залына баруға, ел ішінде саяхаттау үшін билет сатып алуға болады», – деді Президент Владимир Зеленский.

Филиппинде «Спутник Лайт» препараты күшейту дозасы ретінде мақұлданды. Дәрігерлер вакцинаны бірінші және екінші компонент қолданған препаратқа қарамастан енгізеді. Сондай-ақ үдеткіш доза ретінде қытайлық Sinovac компаниясы, британдық-шведтік AstraZeneca, американдық Pfizer вакциналарын қолдануға да рұқсат етілді.

Мюнхенде ковид аурушаңдығының тез өсуіне байланысты Рождестволық жәрмеңке тоқтатылды.

«Біздің клиникалардағы күрт жағдай және инфекцияның жаңа жағдайларының экспоненциалды өсуі маған басқа таңдау қалдырмайды», – деді Мюнхен Обер-бургомистрі Дитер Райтер.

Баварияда бүкіл Германияда коронавирус ауруының ең жоғары деңгейі байқалады.